Жасөспірімдер арасындағы суицидтің өршуі қоғам арасында үлкен үрей
тудырып отыр. БАҚ беттерінен күн сайын өз-өзіне қол жұмсаған оқушылар
жайындағы хабарды естіп, жағамызды ұстайтын жағдайға жеттік. Өткен айда
Мәжілісте де бұл мәселе көтеріліп, депутат Жарасбай Сүлейменов
Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады.
«Бiреуге мал, бiреуге жан қайғы» болған заманда суицид ауруы
да әркiмнiң ығына байланып, екiнiң бiрiнде кездесетiн жағдайға
айналғандай. Елiмiзде бұл ауруға шалдыққандардың саны күннен күнге артып
отыр. Әсiресе соңғы уақытта балалар арасында жиi кездесетiн суицид –
жауапсыз жұмбақ дүниеге айналып барады.
Күні кеше ғана Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарасбай
Сүлейменов жоғары заң шығару органының кезекті отырысында мәлімдеме
жасады. Оның айтуынша, соңғы жылдары елімізде балалар мен жасөспірімдер
арасында өзіне-өзі қол салу жағдайлары тым көбейіп кетіпті. Депутат осы
келеңсіз көрініске қоғамдық қарсы ықпал қажеттігін баса көрсетті. Оның
мәлімдемесі депутаттар тарапынан түсіністік тапты. Бірақ әзірге қандай
шешім қабылданары белгісіз.
Кеше Астанада еліміздің Байланыс және ақпарат министрлігінің
ұйытқы болуымен «Суицидті БАҚ-та жариялау жөнінде ақпараттық саясатты
қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға мемлекеттік
органдардың өкілдері, суицидолог-сарапшылар, психологтар және БАҚ
өкілдері қатысты.
Адам баласы мына пәниге шыр етіп келгенде Өмір-Ана күтіп алып,алақанына
салғанымен де,дүр етіп бақилыққа өтерде, ажал қақпанына ілікпейтін жан
жоқ.Атамыз қазақ мұндайда "Өзекті жанға бір өлім",-дейді. Бұл-Ислам
әдебінің бірі.Әрі бұл бір қырынан адам баласының ажал алдындағы
дәрменсіздігін білдірсе, сол арқылы Алланың құдіретінің басты бір
сипатын аңғартары да анық. Өйткені, кеудедегі жан-Алланікі.
... Кеше ғанажарқын күн күлімдеп, бау-бақшада құстар
сайрап,өмір маған қызықты даәсем ертегідейеді... Кенеттенкөңіліме бұлт торлап, қандайда бір көңіл
толмаушылық, реніш, себепсіз ашу кернеп,көңіл-күйім түсіңкі, өзімнің ешкімге керек еместігімді сезіндім...
Міне осылай адам бойындағы депрессия
кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін. Ол бірден тез өтіп
кетеді,не болмаса терең де созылмалы
түрде болады. Қандай жағдайда да депрессия- түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар
менойлардың жиынтығы. Әдетте,
депрессияны бойынан кешіретін адам оның несебептен екендігін анықтай алмай әлек болады.
Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің болашағы саналатын олардың мұндай оғыс әрекеттерге баруы алаңдатарлық жағдай. Статистикалық мәліметтердің өзінен адам жаны түршігеді. Әлемде жылына 1 млн. адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Осындай көрсеткіштері жоғары 80 елдің ішінде Қазақстан 5-ші орында келеді. Соңғы кезде елімізде суицид оқиғалары 3 есеге өсіп отыр. Тек 2008 жылы әлімге соқтырған – 209, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған 317 оқиға орын алған.
Жасөспірімдер
арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің болашағы саналатын олардың
мұндай оқыс әрекеттерге баруы алаңдатарлық жағдай. Статистикалық
мәліметтердің өзінен адам жаны түршігеді. Әлемде жылына 1 млн. адам
өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Осындай көрсеткіштері жоғары 80 елдің
ішінде Қазақстан 5-ші орында келеді. Соңғы кезде елімізде суицид
оқиғалары 3 есеге өсіп отыр. Тек 2008 жылы өлімге соқтырған – 209,
өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған 317 оқиға орын алған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде екен.