Суицидпен күрес

Сайт мәзірі
Жобаның бейне-роли
Біздің сауалнама
Суицидтын алдын алуға бола ма?
Всего ответов: 260
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Жастар арасындағы суицид - қазіргі таңдағы өзекті мәселе
Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің болашағы саналатын олардың мұндай оқыс әрекеттерге баруы алаңдатарлық жағдай. Статистикалық мәліметтердің өзінен адам жаны түршігеді. Әлемде жылына 1 млн. адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Осындай көрсеткіштері жоғары 80 елдің ішінде Қазақстан 5-ші орында келеді. Соңғы кезде елімізде суицид оқиғалары 3 есеге өсіп отыр. Тек 2008 жылы өлімге соқтырған – 209, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған 317 оқиға орын алған.
Аудан бойынша оқу орындарында 2006 жылы 1 оқушы өзіне-өзі қол жұмсаса, 2007 жылы осындай 5 жағдай болып, оның екеуі қайғылы аяқталған. Былтыр 2 жасөспірім қаза тапса, биылғы жыл басталғалы 1 оқиға орын алып, бір отбасы қара жамылды. Сонда бұл неден болып отыр, бұл жағдайдан қалай шығуға болады? Жасөспірімдерді бұдан қалай құтқарамыз, мұның қандай белгілері бар?
Құрманғазы аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ломоносов орта мектебінде өткен «Жасөспірімдік кезеңдегі суицидтік әрекет себептері мен оны болдырмаудың және алдын алудың жолдары» атты мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтардың семинар-кеңесі осы мәселеге арналды. Кеңесті ашқан аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Т.Медеуғалиева суицидке байланысты оқиғаларды саралап өтті. Жағдайдың күн өткен сайын ушығып бара жатырғанына, әбден жүйкесі жұқарған жасөспірімнің психолог мамандардың көмегіне жүгінбей, өзіне қол жұмсауға баратынына тоқталды.
Келесі кезекте сөйлеген Ломоносов атындағы орта мектептегі директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары С.Менситова суицид жүйке ауруларына жатпайтынын, әлемде 15-19 жас арасындағы жасөспірімдер арасында жиі орын алып отырғанын айтты. Сонымен бірге бұл ата-аналары ажырасқан, қамқоршысыз қалған, қылмыстық жолға түскен, өзіне жақын адамын жоғалтып, қайғы шеккен, отбасында ұрыс-керіс жиілеген, нашақорлық жолда жүрген, бір нәрседен қатты көңілі қалған жасөспірімдер арасында көбірек байқалатынын жеткізді.
Д.Нұрпейісова орта мектебінің психологы К.Сүндетова өзіне қол жұмсау түрлеріне у ішу, асылып өлу, көлік және поезд астына түсу, ыстық нүктелерге бару, суға кету, үлкендерден зорлық-зомбылық көру сияқтылар жататынын ескертті. Маманның айтуынша, 14-18 жастағылар арасындағы суицидтің 10 пайызы шын өлім, 90 пайызы көмекке шақыру жанайқайына жатады екен. Яғни өзінің басындағы жағдайға өзгелердің назарын аудару үшін өзіне қол жұмсамақ болу. Біздің облыста соңғы үш жылда 315 адам өзін-өзі өлтірген.
Ломоносов орта мектебінің психологы А.Шоқаева суицид белгілеріне тұйықталу, еш нәрсеге қызықпаушылық, үнемі мазасыздану, ашуланшақтық, жаман түстерді жиі көріп бастығырылу, көмектен бас тарту, ұйқысыздыққа қарсы дәрілер қолдану жататынын айтты.
Ломоносов орта мектебі директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Б.Жұмағалиева «Суицидті болдырмау мен алдын алу іс-тәжірибесін» баяндады. Жасөспірімдердің тығырыққа тіркелген шақта дәрігерлерге көрініп, кейде үлкендерге айтып бұл жағдайдан шығуға тырысатынын, бірақ, өкінішке орай, олардың бұған мән бермейтініне тоқталды. «Оларға көмектесу үшін көңілін аулайтын шаралар ұйымдастырып, түрлі клубтар ашу керек»,-деді. Бұл жағынан өз мектебіндегі «Бүркіт» әскери-патриоттық клубын, таэквондо үйірмесін, вокалдық топты мақтанышпен атады. Олардың мүшелері жиналғандар алдында көрсеткен өнеріне қатысушылар ризашылықпен қол соқты.
Шараның жалғасы «Диалог алаңда» көрініс тапты. Семинарға қатысушы аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Ұ.Сапарова бұл бүгінгі күннің күрделі мәселесі екеніне тоқталып, отбасында сыйластық жоғары болса, мұндай жағдайға жол бермеуге болатынын, депрессиядан оңалту орталығын ашса, көп пайдасы тиетінін айтты.
«Темірәлі» мұсылмандар мешітінің найб имамы Р.Нұрышев жүрегінде иманы бар адамның мұндай әрекетке бармайтынын айтып, шет елдерде болған осындай жағдайларды қызғылықты етіп баяндап, Еуропада мұның өршіп тұрғанын жеткізді. Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, жақсы дамыған Жапонияда күніне 90 адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Сөзінің соңында исламда бұған тыйым салғанын ескерте кетті.
Аудан прокурорының орынбасары Д.Шамжанов мұндай оқиғалардың күнделікті өмірімізде орын алып отырғаны көбіне отбасынан екеніне тоқталып, қараусыз қалған, ата-анасы ішкілікке салынған балалардың осындай жағдайға баратынын айта келе, бүгінде жасөспірімдер арасында қылмыс көбейіп отырғанын жеткізді. Психолог Талап Тарихұлы да өз сөзінде суицидке итермелейтін факторларға тоқталып, алдын алудың жолдарын баяндады.
Шараны қорытындылаған Т.Медеуғалиева өз пікірін айтып, ортаға салғандарға ризашылығын білдіріп, мұндай семинар облыс бойынша біздің ауданда бірінші болып өткізіліп отырғанын, мұның суицидтің алдын алуда зор мәні барын айтты.
Суицидке байланысты өткен семинар ұсыныстарды басшылыққа алып, алға қарай да бұл жұмысты жалғастыратын болып қаулы қабылдады.
Қанат ҒҰМАРОВ,
Ганюшкино селосы,
Құрманғазы ауданы


Источник: http://www.atr.kz/?p=3143
Категория: Мои статьи | Добавил: dunyawa_98 (29.09.2011)
Просмотров: 5463 | Теги: өзекті мәселе, суицид, мақала | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: