Суицид деген термин 17-шi ғасырда
пайда болған. 18-шi ғасырдың ортасына дейiн бұл ұғым кеңiнен
пайдаланылмаған. Тек 20-шы ғасырда адамдардың өз-өзiне қол жұмсауы
көбеюiне байланысты « суициодология» деген дербес зерттеу саласы пайда
болған. Әлемдiк ғалымдардың зерттеуi бойынша суициттiң үш түрi болады
екен. Бiрi -шынайы суицид, ( бұл түрiмен ауырғандар расында өлгiсi
келедi, көңiлсiз жүредi) екiншiсi – жариялық суицид,( бұған барғандардың
көбiсi өлгiсi келетiнiн алдын ала жарияға жар салады) үшiншiсi
-жасырын суицид ( бұл түрiне шалдыққандар өзiне-өзi қол жұмсау жақсы iс
еместiгiн бiледi, бiрақ қиындықтан шыға алмаған сәтте өлiмге бас
тiгедi). Елiмiздегi жасөспiрiм балалар суицидтiң бiрiншi және үшiншi
түрiне көп шалдығады екен.
Бүгiнде кiсi өлтiруден гөрi өзiне-өзi қол жұмсаушылар көп деген де
мәлiметтер бар. Ол рас. Себебi, соңғы жылдары Қазақстанның әртүрлi
облыстарында өзiне-өзi қол жұмсаушылардың саны жылдағыға қарағанда екi
есеге көбейдi. Олардың көбiсi жасөспiрiмдер. Айталық, Павлодар
облысында 7-шi сыныптың оқушысы өзiне -өзi қол жұмсап, ағашқа асылып
өлген. Бiр жылдың iшiнде Тұздыбастау ауылында 4 адам өз-өзiне қол
жұмсаған. Олардың екеуi мектеп оқушылары Сержан Тұрысбеков пен Абай
Исабеков. Сондай-ақ , Ақмола облысында 16 жасар Дәния Нұрдаянова да
өз-өзiне қол жұмсап мерт болған. Бұл көрсеткiштер айтар мәлiметтердiң
бiрлi-жарымы ғана. Бiр ғана Алматы облысының өзiнде қасақана жанын қиюшы
оқушылардың саны 2009 жылы 25 болса, 2010 жылы оданда жоғары
көрсеткiш берiп отыр. Ал 2008 жылы Павлодар қаласында 18 жасөспiрiм
өз-өзiне қол жұмсау әрекетiне барған. Бұл әрекеттiң 10-ы қайғылы
жағдаймен аяқталған. Сонда айтылмаған қалған облыстардағы суицидке
шалдыққандардың санын есептей берiңiз…
Өз-өзiн өлтiрушiлердiң өрескел әрекеттерi ең көп кездесетiн Ресей
мен Қытай және Қазақстан мемлекеттерi екен. Бұл елдер алдыңғы қатарлы
суицид жасаушылардың ең алпауыт елдерi болып саналады. Жалпы дүние
жүзiнде бiр жылда 10-20 миллионға жуық адам өзiн-өзi өлтiруге әрекет
етедi екен. Ал олардың 10 миллиондайы сол әрекеттен көз жұмады. Бүгiнгi
таңда Дүние Жүзiлiк Денсаулық Сақтау Ұйымының мәлiметi бойынша
Қазақстан мемлекетi өзiн өлтiрушiлер жағынан үшiншi орында дейдi. Егер
әлдемде осы аурудан мерт болғандардың саны 1 миллиондай болса, оның 8
мыңнан астамы қазақстандықтар деседi. Бұған дейiн екi-үш жыл бұрынғы
көрсеткiште Қазақстан бесiншi орында болған. Демек, психологиялық
ауруға шалдыққандардың саны күн сайын артып келетiндiгi анықталып отыр.
Мерт болған әрбiр баланың ата-анасы балаларын қайғымен есiне ала
отырып, өлiм әр түрлi себептерге байланысты екенiн айтады. Бiрi
әлiмжеттiк жасаушылардың қорлығына шыдай алмағандықтан десе, ендi бiрi
мектеп қабырғасындағы жағдайларға сiлтейдi. Кейбiрi заманның ағымына
байланысты бүгiнгi телеарналардағы суицид мәселесiнiң ашық айтыла
беруiне байланысты дейдi. Десек те, аурудың бұл түрi жоғарыда айтылған
жағдайларға және басқа да түрлi себептерге байланысты болуы да мүмкiн.
Тiптi, отбасындағы жағдайда баланың психологиясына бiрден-бiр әсерiн
тигiзуi ғажап емес. Бүгiнгi таңдағы жасөспiрiмдер арасындағы жиiлеген
аурудың бұл түрi жайында психологтар былай дейдi: «Мұндай әрекетке
баратын жалпы адам баласының ең алдымен жүйке жүйесiнiң зақымдануына
байланысты. Өйткенi, қандай жағдайда болмасын бүгiнгi арпалыс заманда ең
алдымен миға, жүйкеге әсер ететiн iс-әрекеттер молынан. Сондықтан
осындай күйзелiстен шыға алмай қалған жағдайда адам өзiн өлiмге қиюы
мүмкiн. Сондай-ақ, Архус университетiнiң жанындағы дат ұлттық зерттеу
орталығының ғалымдары егер тұқымында, ағайын-туыстары мен жақындарында
аурудың бұл түрi болса, онда өзiн-өзi өлiмге қию қаупi еселене
түсетiндiгiн дәлелдеген. Ал дiни сауатты жандардың айтуы бойынша: «Әр
суицидтiң шығу себебi бар. Бiрақ көп жағдайлардағы себеп ондай
адамдардың иманының болмауы мен өмiрдiң қиыншылықтарын дұрыс
түсiнбеулерiнде болады. Бұлар басты себептерi. Ал басқа себептердiң
барлығы осы басты себептерге тiкелей тәуелдi. Мысалы, сүйген қызымен
ұрысып, немесе аралары ажыраған жiгiттiң өзiн-өзi өлтiруiне санасы ояу
адам баласы үшiн ешқандай ақылға қонымды себеп жоқ. Ақымақтықпен өз
өмiрiн қияды. Қаржылық жағдайлардың әсерi де кей адамдар үшiн суицидтiң
тудырушы күшi болып табылады. Алайда, қаржылық қиындықтар басты себеп
емес. Егер ондай қиындықтарға шыдамай өз-өзiн өлтiру белең алса, онда
әлемнiң тең жартысы қырылып қалады емес пе?! Қиындық кiмде жоқ дейсiз?!
Демек, иманы мен өмiрге деген көзқарасы дұрыс емес болған адам ғана
мұндай уақытша қиындықтарға төзе алмай, ең дұрыс жол ретiнде суицидтi
таңдайды. Кейде жасөспiрiмдердiң арасындағы суицид ата-анасына ренжудiң
салдарынан болады. Сондай жақын жандарға ренжiп өзiн-өзi өлтiру де жан
дүниесiнде кемiстiгi бар адамның iстейтiнi болса керек.
Өмiр болғаннан соң қиындығы мен қызығы қатар жүредi. Қателiктерге
ұрыну барлығымыздың табиғатымызда бар нәрсе. Қандай қателiк жасасақ та
суицидпен шешiмiн табуымыз дұрыс емес. Сүрiнбейтiн тұяқ жоқ.
Ата-анасынан қорқып қателiгiн жылы жауып қою мақсатында өлiмге бару көзi
ашық, көкiрегi ояу жандардың iстейтiн әрекетi емес» дейдi.
Әлбетте жоғарыда айтылған басты себептердiң салдарынан суицит
туындауы анық екенiн жасыра алмаймыз. Бiрақ, соңғы жылдарда бұл ауру
жастар арасында нелiктен көбейiп кеттi деген сұрақ көптiң көкейiнен орын
алады. Шындығына келгенде ең басты себепшi нысан отбасынан бастау
алмақ. Заманның әсерi қоғамға, қоғамның әсерi отбасына, отбасындағы
жағдай баланың психологиясына бiрден бiр себепшi күш. Сондықтан ата-
ана өз баласының психолгиясын жатқа бiлуi қажет. Баламен бала ретiнде
сөйлесе бiлiп, оның жұмбақ сырларын ашуға талпынған абзал. Себебi, ер
жетiп, бойжетiп келе жатқан бала әрнәрсеге елiктегiш, қызыққыш болады
емес пе? Ал ондай сәтте «жығылғанға жұдырық» дегендей баланың да бас
сұқпайтын жерi қалмайды. Демек, суициттi жасөспiрiмдер арасында
жұқпалы ауруға айналдырмай тұрғанда әрбiр ата-ана бала тәрбиесiн өз
қолына абзал. Одан өзгесiн бала тәрбиесi дұрыс болса, дұрыс шешiмiн
таппақ.
Сандуғаш РЫСКЕЛДІ
Источник: http://www.zamandas.com/?p=1563 |