Суицидпен күрес

Сайт мәзірі
Жобаның бейне-роли
Біздің сауалнама
Суицидтын алдын алуға бола ма?
Всего ответов: 260
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Өзіне-өзі қол салу (әр 40 секундта бір адам өмірін қияды)
Өзін өлтіруге көзқарас
Өзін-өзі өлтіру мәселесі Англияда 1961 жылға дейін заңға қайшы деп табылды. Бірақ, соңында заң арқылы шешудің мүмкін еместігі еріксіз мойындалды. Көне Норвегия сотында оған «абыройсыз өлім» деп баға берілді. Финляндияда 1442 жылғы заң бойынша өз-өзіне қол жұмсау мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп есептеліп, шіркеу құқықтары бойынша емес, азаматтық құқықтар бойынша жауапқа тартылды. 1808 жылғы Голландия заңында өз өмірін қиюға әрекет жасағанды қудалау тоқтатылды. Басқа Еуропа мемлекеттеріне қарағанда Италияда өз-өзін өлтіруге қатаң көзқарас қалыптасқан. Онда өз-өзіне қол салу – Құдайдың ең қымбат сыйынан қол үзу, яғни, ауыр күнәға бару болып саналады. Тіпті, өз-өзін өлтірген адамның абыройсыздығы жақындарын жерге қаратады. Қытайда тарихи дәстүр бойынша өз-өзіне қол жұмсайтындарды қолдамаса да, ондайлардың ізіне түсіп қудаламау керек деген пікір жақталады. Қытай еркектері көбіне қоғамдағы келеңсіздіктерге шыдамаса, әйелдері көбіне үйдегі араздыққа төзбейді. Үндістанда өзін-өзі өлтіру өмір салтының нышаны күйінде қалып қойған. Үнділіктер Құдайға деген ең үлкен құрбан адамның өз жаны деп біледі. Оның негізі өзін құрбан еткен жандарға мәңгілік  өмір есігі ашылады деген сенімде жатыр.
Зерттеушілердің пікірі
Өзін-өзі өлтіру ісін зерттеген психолог, социолог мамандар көп болған. ХІХ ғасырда бұл іспен француз социологы Э. Дюркгейм айналысты. Батыстық ғалым Г. Шорт 1954 жылы бұл кеселге жетелейтін ең негізгі себеп - тапшылық, кедейлік деп жарияласа, 1960 жылдары америкалық Уоррен Брид өз-өзіне қол жұмсауға ер кісілерді итермелейтін басты себеп  – психикалық аурулар мен ушығып кеткен отбасы жанжалы екенін айтты. 1988 жылы Санкт-Петербургте   А. Лихачевтың «Еуропалық Ресей мен Батыс Еуропадағы өзін-өзі өлтіру. Салыстырмалы-деректік зерттеу тәжірибесі» атты кітабы жарық көрді. 1912 жылы Санкт-Петербургте басылған «Өзін-өзі өлтіру себептері және онымен мүмкіндігінше күресу» атты еңбегінде психолог   В. Бехтереев те өз-өзіне қол жұмсаудың бірқатар себептерін алға тартты. Бір қызығы, танымал психиатр А.Г.Абрумова мұндай әрекетке тек психикалық аурулар ғана емес, керісінше, ақыл-есі бүтін адамдардың көп баратындығын дәлелдеді. Өзін-өзін өлтіруге талпынып, бірақ аман қалу қылмыс саласында «өзін-өзі өлтіруге әрекет» деп аталады. Жақында Архус университетінің жанындағы дат ұлттық зерттеу орталығының ғалымдары егер тұқымында, ағайын-туыстары мен жақындарында өз-өзіне қол жұмсаған адам болса, онда өзін-өзі өлімге қию қаупі еселене түсетіндігін дәлелдеді. Психологтар өзін-өзі өлтіру оқиғаларының 60 пайызы  көбіне-көп жылдың көктем, жаз мезгілдерінде іске асады деуде. Сондай-ақ, үйленгендерге қарағанда бойдақтар мен ажырасқандар көбірек өздеріне қол жұмсайды екен. Психотерапевт, психоаналитик мамандардың пайымдауынша, өз-өзіне қол жұмсау 3 топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрантты. Ашық түрде өзіне қол жұмсайтындар бұған аяқасты бармайды. Өмірдің мәнін түсінбеу, өзінің өмірдегі міндеті мен орнын ұғына алмау (әсіресе, жастар мен қарттар) ойлана келе осындай ашық түрде өз жанын өлімге қияды. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді. Өлуді мақсат тұтпай, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне бару «демонстрантты» түрге жатады. «Айтқанымды орындамасаң, өле салам!» деп қорқыту түрлері де осыған тән. Жасырын түрде өз-өздеріне қол жұмсайтындар өлуді  мәселенің шешімі деп санамайды, алайда, одан басқа жол таба алмай қиналады. Зерттеуші Эрвин Рингельдің айтуынша, өзін-өзі өлтіру үрдісі негізінен 3 сатыда жүзеге асады. Біріншісі, «келеңсіздіктен арылудың бір ғана жолы – өлім» деген ойдың мазалай бастауы. Екіншісі, болған оқиғаға адамның тек қана өзін кінәлауы. Үшіншісі, адам өз-өзін қайтып өлтірудің түрлі айла-тәсілдерін қарастырып, оны ойша жүзеге асыруы.
Әлем бойынша өзін-өзін өлтіру  мәліметі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  өзін-өзі өлтіру көрсеткіші    бойынша әлем елдерін үш топқа бөледі:
1.    Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші өте төмен елдерге (100 мың адамнан жылына 10 адам). Оған Грекия, Италия, Гватемала (0,5), Филиппин (0,5), Албания (1,4), Доминикан республикасы (2,1), Армения (2,3)  жатады. Өзін-өзі өлтірудің ең төменгі көрсеткіші мұсылман елдерінде. Айталық, Мысырда (0,03), Кувейт (2,1). Африка елдерінде де бұл көрсеткіш жоққа тән.
2.    Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші орташа елдерге (100 мың адамнан жылына 10-20 адам). Аустралия, АҚШ-ты (10.4)  жатқызуға болады.  
3.    Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші жоғары және өте жоғары елдер (100 мың адамнан 20- дан көп адам). Жапония (27,1), Венгрия (35,9), Эстония (40), Ресей (39,4 – жыл сайын 60 мың адам), Литва (42,1), Латвия (42,5).  
Дәстүрлі жапон мәдениетінде өз-өзіне қол жұмсаудың   қалыптасқан атаулары да бар. Айталық, «Докуяку дзисацу» – у, не ұйықтатын дәрі арқылы өлу, «Тоосин дзисацу» – биіктен секіру, «Харакири» (сэппуку) – сөзбе-сөз аударсақ қарынды жару дегенді білдіреді. Жапон ұлттық полиция агенттігінің мәлімдеуінше, 2003 жылы Күншығыс елінде 34 мыңнан аса адам өз-өздеріне қол жұмсаған. Бұл  2002 жылға қарағанда 7 пайызға өскендікөрсетеді..
Әйелдерге қарағанда ер кісілер өзін-өзі өлтіруге 6 есе жиі барады. Өмірден қыршын кеткендердің көбі 30 жасқа дейінгі жастар. Францияда әрбір жиырма шақты жастың біреуі өз-өзін өлтіру әрекетіне барады. Өзін-өзі өлтіру жұмыстарын қадағалайтын жапон ғалымы Ямамато Тэй 16 жас шамасындағы жасөспірімдерде махаббат үшін өз-өзіне қол жұмсаушылық қыздарда 42,2 пайыз, ұлдарда 36,6 пайыз  екендігін алға тартуда. Алайда, 25 жасқа қарай ол көрсеткіш дереу төмендейді. Таяуда шведтердің өзін-өзі өлтіру ісін зерттеу орталығы 15 пен 19 жас аралығында өз-өздеріне қол жұмсап өлуден дүниежүзі бойынша бірінші орында Ресей тұрғандығын хабарлады. Ресейде жыл сайын шамамен 2500 кәмелетке толмаған бала өз-өздеріне қол жұмсайды екен. Бұл жөнінен АҚШ екінші орында – жылына 1800 бала. Ал жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша  бірінші орынды Шри-Ланка (100 000 жасөспірімге - 46,55), екінші орынды Қазақстан иеленген (100 000 жасөспірімге - 24,02).     
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, 2020 жылға қарай жыл сайынғы әлемдегі өзін-өзі өлтіру көрсеткіші 1 миллионнан енді 1,5 миллионға артпақ.
Өлтірудің тәсілдері
ДДҰ өз-өзіне қол жұмсаудың 80 тәсілін анықтаған. Кең тараған ең негізгі тәсілдері мыналар: асылу, суға кету, улану (у, химиялық зат немесе дәрілік препараттармен), ғимараттан, көпірден, жартастан т.б. биік жерлерден өзін тастап жіберу, қару арқылы өзін-өзі өлтіру, өзін-өзі өртеп жіберу, әдейі нәр татпай ашығу, суық қару қолдану: Сэппуку Харакири (Жапониядағы өзін-өзі қанжарлау), қылышқа құлау (Көне Римде кездескен), тамырын кесу (көп қан жоғалтып қансырап өлу), техникалық құрал қолдану, пойыздың, машинаның астына түсу, тоққа ұрыну, жүрек соғуын қамтамасыз етіп тұрған дәрігерлік аппаратты науқастың тоқтатуы және т.б.
•    XVII-XVIII ғасырлардағы көне нанымдағыларда жаппай өзін-өзі өлтіру жайттары кездескен.
• 1945 жылы ешбір шартсыз тізе бүгуге қол қойылғанда жапондық харакиден жалпы саны 100  мың  адам  өз өмірлерін қиған.
• 1978 жылы «Ұлттық ғибадатхана» сектасының 912 адамы Джонстаунда (Гаяна) жаппай өз өмірлерін қиды.
Өмірлік проблема басты себеп емес
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің 800-дей себебін анықтап отыр. Олардың ең негізгілері мыналар: жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, махаббаттағы ыза, айналасындағылармен түсініспеушілік, жұмыстағы келеңсіздіктер, түртпекке тап болу, қорлық-зомбылық, кемсітушілікке ұшырау, кедейлік, қаражат тапшылығы, жазылмайтын ауру не мүгедектік, секталарда кездесетін фанатизм, психикалық аурулар, рухани азғындық, өзін ешкімге керексіз сезіну, өмірден түңілу, жақын адамынан айрылу, оқшаулану, жалғыздық, жазадан қорқу, жақындарымен сыйыса алмау, торығу, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, үнемі жолы болмаушылық т.б. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін әдепкі жағдай ғана.
Ислам діні өзін-өзі өлтіруді ең үлкен күнә қатарына жатқызады. Өйткені, жан – Құдайдың адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан кейін  жеңілдіктің келетініне сенеді.  Құдайдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Ең қиын сәттерде де өзін өлтіруге бармайды. Ендеше, өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы  басты себеп – сенім болып тұр. Иманы толық адамдарда қандай да бір қайғыны жабыла көтеру, қиыншылыққа ортақтасу бар. Ал, өзімшіл  адамдарда бауырмалдық пен жанашырлық атымен болмайды. Сол себепті, қиналған кезде қайғысы еселеніп, бұл дүниеден безуден басқа жолы қалмайды. Өйткені, о дүниеге деген сенім жоқ. Сөйтіп, онсыз да қызығы қашқан өмірден өліп құтыла салғанды жөн көреді.

Құдайберді Бағашар
 



Источник: http://muftyat.kz
Категория: Мои статьи | Добавил: dunyawa_98 (13.10.2011) | Автор: Айдана Р E W
Просмотров: 2224 | Комментарии: 2 | Теги: суицид | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: