Аталмыш семинар ең бірінші Өскемен қаласында бастау алған екен, одан
әрі Аягөз ауданында, ақпан айының алғашқы күндерінде Үржар ауданында
жалғасын тапты. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар
бала психологиясына кері әсер етуде. «Өз-өзіне қол салу -
түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема» делінген.
Осы дерттің алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімінің бастығы
Нұржан Оразбекұлы арнайы мамандарды шақыртып, ата-аналармен, мектеп
мұғалімдерімен, психолог мұғалімдер балалармен қалай жұмыс істеу
керектігін осы мамандардан қосымша тәжірибе алып, сұрақтарына жауап
алуға шақырған болатын. Мақсат біреу – бұл дерттің алдын алу.
Суицид оқиғаларының жиілеуіне әлеуметтік жағдай, тиісті отбасылық
және қоғамдық тәрбиенің жоқтығы, зорлық-зомбылық, діни ағымдардың
әрекеті, есірткі қолдану себеп болып отырғанын алға тартады.
«Балалар суициді» тақырыбында жүргізілген арнайы
зерттеулерде балаларды осы жолға итермелейтін негізгі себептер ретінде
олардың күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайы, одан кейін - ұлтаралық
қатынас, отбасылық тұрмыстың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты
факторлар аталғанын алға тартқан Майра Омарбекова «Дүниенің
ақпараттануы, адамның табиғаттан алшақтауы, неше түрлі компьютерлік
ойындар, көбінесе жастардың арасында суицидтің көбеюіне ықпал етіп отыр.
Жасөспірімдердің өздеріне-өздерінің қол салуына көбінесе, айтылған
сынды дұрыс қабылдамауы, қиындықтарға төзбеуі себеп болады дейді.
Рас, жоғарыда айтылған оқиғалардың барлығы бойынша дерлік қылмыстық
іс қозғалған. Бірақ көбінің себебі ашылмай жұмбақ күйінде қалып қойған.
Әдетте, жасөспірімнің неге осындай қадамға барғандығы жіті зерттелмейді.
«Өзара түсіністік бар жерде, қандай қиыншылақтар болмасын, бала ешқашан
өз-өзін өлтіру туралы ойламайды да. Егер ондай болса, онда бала мен
ата-ана арасындағы қарым-қатынаста бір кінәраттың болғаны». Бұл ұстаздың
сөзі. Олардың өздерін кінәлаушылар да жоқ емес. Ата-аналар «мұғалімдер
кінәлі, қоғам кінәлі» деп құр даурыққанмен мәселе шешіле ме? Жоқ. Сайып
келгенде, бұл - жекелеген отбасының емес, қоғамның проблемасы, қоғамға
төнген қауіп. Сондықтан онымен халық болып күресуіміз керек, араласуымыз
керек!
Источник: http://www.urzhar.vko.gov.kz/kaz/news_01.02.11_k.php# |