Суицидпен күрес

Сайт мәзірі
Жобаның бейне-роли
Біздің сауалнама
Суицидтын алдын алуға бола ма?
Всего ответов: 260
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Қос жасөспірімнің өліміне кім кінәлі?
Нақты қозғағалы отырған бүгінгі мәселе Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауы­лының №31 мектебінде бір емес, екі бірдей оқу­шының асылып өлуіне байланысты болып отыр. Осы мәселе бойынша аталмыш мектепте бірқатар мекеме басшыларының қатысуымен үлкен жиналыс өтті. Оған аудан әкімі Талғат Өмір­әлиев, Талғар аудандық ІІБ бастығы Ілияс Қой­шыбаев, аудандық прокуратураның орынбасары Алтай Жәнібековтер қатысты. Сонымен, бала өзі­не суицид жасады ма, әлде біреулер қасақана өл­тірді ме? Енді осы мәселені жиналысқа қатысқан адамдардың өз аузымен баян етсек... Әбу ИСАБЕКОВ, қайтыс болған Абай Исабековтің әкесі: – Менің балам өз-өзіне қол жұм­с­аған жоқ. Оны біреулер қа­са­қана дарға асып кеткеніне 100 па­йыз сенімдімін. Себебі ол өзіне қол жұм­сайтын бала емес. Бірақ осы мек­тепте жоғарғы сынып оқушыларының тө­менгі сынып оқушыларына қоқан-лоқы көрсетіп, ақша жинайтын жайт­тары кездеседі деседі. Оны жұрттың бә­рі біледі, ата-аналар да, бүкіл ауыл тұрғындары да бұдан хабардар. Бірақ көбі шындықты айтпайды. Осы мек­теп­те «Жеті қарақшы» деген мек­теп­ішілік қылмыстық топ бар. Олар өзде­рі­нің қатарына денелі, шебер спортшы жас­өс­пірімдерді тартып, иіні жуас ба­ла­лардан «общагқа» ақша талап етеді. Ме­нің ұлым осы топқа қосыл­ма­ған­дықтан, ақша жинап, ешкімге ақша бер­­­мегендіктен, осындай қайғылы жағ­­­дайға душар болып отырмыз. Ал­ға­шын­да Сержан Тұрысбеков дарға асы­­лып қайтыс болғанда, осы өлімге қа­тысты тергеу барысында менің ба­лам оған кімдердің қысым көрсеткенін нақ­ты айтып берді. Көпшілік үндей алмай бұ­ғып тұрғанда, ұлым бұл «жеті қарақ­шы­лардың» ісі екендігін көрсетті. Осы­ның салдарынан ұлымнан айыры­лып отыр­мын. Сержан шын мәнінде қоқан-лоқ­ыға шыдай алмай, өз-өзіне қол жұм­саса, ал менің ұлым қасақана өлімнен қайтыс болды. Сондықтан құ­қық қорғау органдары кінәлілерді та­уып, тиісті жазасын беруі керек. Маргарита ИСАБЕКОВА, Абайдың шешесі: – Баламды өз үйімде асып кетті. Ол 10-11 сыныптың оқушылары күштеп, қорқытып, ақша талап ететіндіктерін өзінің ағаларына айтқан. Баламды дар­ға асып қойған жерінен ағалары тү­сірді. Оған алғашқы дәрігерлік көмек көр­сетіп, аузын үрлеп, барынша тірілтіп аламын деп үміттеніп едім. Бірақ... Мен ештеңе талап етіп отырған жоқ­пын. Құқық қорғау органдары балам­ның өліміне себепші болғандарды ер­те­рек тауып, тиісті жазасын берулерін сұ­раймын. Ілияс ҚОЙШЫБАЕВ, Талғар аудандық ішкі істер басқармасының бастығы: – Қазіргі таңда Абай Исабековтің өлі­міне қатысты ҚР Қылмыстық ко­дексінің 102 бабы бойынша (өз-өзіне қол салуға итермелегені үшін) қыл­мыс­тық іс қозғалды. Ал Сержан Тұрыс­бе­ковтің өлімі шын мәнінде суицид бол­ды. Осы уақытқа дейін ата-аналар та­­рапынан не оқушылар тарапынан «біз­­ді бопсалап ақша алды» деген арыз-шағымдар бізге түскен жоқ. Бұл фак­­тілердің орын алатындығын біз суи­­цид болғаннан кейін ата-аналардан ес­­тіп отырмыз. Ал Абайдың денесін біз сот-медициналық сараптамаға жібер­дік. Оның де­несінен ешқандай ауыр соқ­­қының із-бел­гілері болған жоқ. Қал­­ған жағ­дай­лар туралы біз тергеу амал­дары аяқ­тал­ғаннан кейін ғана ай­та аламыз. Айта кетейік, қайғылы оқиға болар алдында мектепте мектеп инспекторы бол­маған. Ол өзінің кезекті еңбек де­ма­лы­­сына шыққан екен. Өкініштісі сол, Тал­ғар ауданында 44 мектеп бар бо­латын бол­са, ал аудандық ішкі істер бас­қар­ма­сын­да жасөспірімдер ісі бо­йынша 11-ақ инс­пектор қызмет ат­қа­рады екен. Оның өзін­де алты-ақ инс­пектор мектеп инс­пек­торы болып жұ­мыс істейді. Айналдырған ал­ты инс­пек­тор 44 мектеп­тің оқушыларын ба­­қы­лай ала ма? «Мүм­кін, осындай ба­қы­лау­сыздықтың салда­ры­нан әлгіндей оқи­ғалар жиілеп кеткен жоқ па?» дейді ауыл тұр­ғындары. Дина АҚЖІГІТОВА, Тұздыбастау ауы­лы №31 мектептің директоры: – Мектепте 2018 оқушы, 83 сы­нып, 160 мұғалім бар. Оның үстіне, мек­тептің ішінен ашылған шағын ба­ла­бақшада 25 бала тәрбиеленіп жа­тыр. Менің айтайын дегенім, Сержан да, Абай да өз-өзіне қол жұмсайтын жі­гіттер емес. Екеуінің де бірінен кейін бі­рі қайтыс болғанына түсіне алмай отыр­мыз. Енді оның ақ-қарасын құқық қор­­ғау органдары анықтайтын бо­ла­ды. Талғат ӨМІРӘЛИЕВ, аудан әкімі: – Бұл өлімнің себебіне барлығы­мыз да кінәліміз. Аудан әкімі ретінде — менің де, құқық қорғаушылардың да, мектеп ұжымының да кінәсі бар. Не деген сұмдық, соншама ауыл бола тұрып, оның ішінде ауыл ақсақалдары, ата-аналар, мұғалімдер, құқық қорғау­шылар, барлықтарыңыз бірігіп, төрт-бес қарақшыны қолға түсіре алмай­сыз­дар ма? Бұл іс толығымен тексеріліп, кінәлілер жазасын алатын болады. Міне, оқиғаға қатысты мәселе кө­тер­ген адамдардың айтқандары – осы. Біз бұл жерде ештеңе алып-қосқан жоқпыз. Тек болған оқиғаны боямасыз көрсетуді ғана мақсат тұттық. Айт­пақ­шы, егер Тұз­ды­­бас­тау­дағы осы оқиғаға бай­ланысты қан­дай да бір мәліметтер болса, онда мы­на теле­фон­дарға хабар­ласуларыңызды сұ­­рай­мыз:             8701 711 42 22      , 295-63-96 Құр­­мет­­пен, Талғар аудандық ІІБ басты­ғы­ның орын­ба­сары Талғат Беркінбаев.
 
Автор: Серік Жұмабаев
Алаш айнасы

Источник: http://qazpsi.ucoz.kz/news/t_zdybastauda_y_t_tenshe_zhiyn
Категория: Мои статьи | Добавил: dunyawa_98 (13.10.2011) | Автор: Айдана Р E W
Просмотров: 1205 | Теги: Суицид жайында | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: