Қазақстан қазіргі кезде өз-өзін өлтіру дерті бойынша екінші орында
тұр. Өз-өзіне қол жұмсау дерті үлкендердің де арасында аз емес.
Себептері: өмірден түңілу, қаражат жетіспеушілік, нашақорлық және
ішімдік әсерінен, шарасыздықтан, біреуге ерегісуден осындай жағдайға жол
береді. Жыл сайын өз-өзіне қол жұмсау дертінің жас мөлшері төмендеп
келеді. Мектеп жасындағы балалардың арасындағы осы дерт жылдан-жылға
көбеюде. Бұл дерттің негізгі себептеріне тоқталып өтейік: жеке басының
мәселесі, жауапсыз махаббат, ата-аналарының көңіл бөлмеуі, мектептегі
немесе достар арасындағы мәселелер және сәтсіз отбасы балалары.
Шіркін-ай, бұл жастардың өмірде көргенінен келешекте көретін
қуаныш-қызығы, тіршілікте алғанынан берер жемісі көп қой. Қандай қиындық
болса да жеңе алатын, ойлаған мақсат-мүддесіне жеткізе алатын
бойларында жалындаған күш қуат та мол ғой. Олардың қас-қағым сәтте жарық
дүниенің барлық қуаныш-қызығын тәрк етіп, ата-анасы мен туған туыстарын
аямай, бәрін-бәрін көзі қиып, өз ықтиярымен жанын беруі қалай? Ойлап
қарасаң, ақылға сыймайтын түсініксіз
жағдай.
Бұл дерттің артында өмірден түнілген мыңдаған адамның ғұмыры тұр.
Сондықтан да оған селсоқ қарау – адамгершілікке жат. Негізінен, күрделі
бұл мәселемен дәрігерлер, саясаткерлер, психологтардың ғана айналысқаны
жеткіліксіз. Адамның өзін-өзі өлтіруі қоғамдық дерт болғандықтан, онымен
бүкіл халық, мемлекет болып күресу қажет.
Өмір-Аллатағаланың адам баласына берген ең қымбат сыйлығы. Жарық
дүниеге ғашық емес жан жоқ. Алайда адамдар неге өз өмірін өз еркімен
қиып, өзін-өзі өлтіреді?! Оған адамның жан-дүниесіндегі күйзеліс қана ма
кінәлі?
Бұл дертпен күресу және алдын алуда жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі
танда қандай да болсын дертті, қиялды, ойды, ішкі мәселені, сырды іште
сақтап қалмау үшін С.А.Назарбаеваның «өзін-өзі тану» сабағы енгізілді.
«Өзін-өзі тану» сабағы арқасында балалар бір-біріне мейірімді қарап, көп
көңіл бөліп, жағдай жасауға үйренеді.
Аллатағаланың қалауымен бұл дүниеге келген соң, өмірдің қызығы мен
шыжығын көріп, жаратушының өзі қалап алып кеткенінше өмір сүру дұрыс
екенін естен шығармайықшы!
Айзат Ермекжанова, оқушы
Источник: http://qogam.kz/ |