Суицидпен күрес

Сайт мәзірі
Жобаның бейне-роли
Біздің сауалнама
Суицидтын алдын алуға бола ма?
Всего ответов: 260
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

ЖЫЛЫНА МИЛЛИОН АДАМ ӨЗІНІҢ ЖАНЫН ҚИЯДЫ
[ · Скачать удаленно () ] 07.10.2011, 12:05

«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-өзі мерт еткен. Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы. Бірақ нәтиже шамалы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Жоғарыдағы ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:

бірінші орында Латвия (96-99 адам),

екінші орында Венгрия (88 адам),

үшінші орында Қазақстан (53 адам).

Өз өміріне қол жұмсауына  себеп болатын факторлар:

1. Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %

2. Қаражат қиындығынан - 3%

3. Өмір  сүрудің ауырлығынан – 4,4%

4. Құмарлықтан - 6%

5. Отбасы келіспеушілігінен - 18%

6. Рухани дерттен - 18%

7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%

8. Белгісіз күйі - 41%

 

Қазіргі қоғамдағы суицидтің  себептері:

1. Адамның иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі.

2. Қаржылық жағдайлардың әсері.

3. Ренжу

4. Қателік

Суицид  белгілері:

1.Сыртқы  түрі   мен  мінезінде:

 

   Сағынып, мұңайып жүргендей түр

    Баяу қимылдау

   Сөйлеудің  баяулауы

   Қысқа жауаптар

   Жауап бермеу

   Сөйлеудің  жылдамдауы

   Екпіндеп сөйлеу

    Ұқыптылықтың шектен шығуы

    Іс- әрекетсіздік

     2.Эмоциялық жағынан бұзылуы:

   Зерігу

   Ашулы

    Қоршаған ортаға   өшпенді қарым- қатынас

   Өзіне және ортаға  салғырттық

    Мақсатсыз   үрейлену, қорқыныш

   Қуанышты  сәттерге қуана алмау

    Секемшілдік

    Ешнәрсеге  мән бермеушілік

     Қайғылы түр.

3.Психикалық  аурулар:

   Депрессия

    Себепсіз қорқынышты  байқататын  невроздық

    Шизофрения

4.Өз өмірін бағалау:

   Өткен өміріне төмен  баға беру

    Өткеннің  жағымсыз сәттерін  көп еске алу

   Жаңа  жағдайларға  құлықсыз, төмен баға  беру

   Болашақ туралы жоспарларының  болмауы

5.Қоршаған ортамен араласуы

   Ортамен араласудан  қашқақтауы

   Көмекті қажетсініп  ортамен қарым- қатынас   

       жасауға ұмтылыс, қолдау   күту

   Өзінің  қайғысын ешкіммен бөліспеу.

6. Тәулік барысындағы динамикалық  жағдайы:

  Кешке  қарай   көңіл- күйінің көтерілуі

   Кешке қарай көңіл- күйінің   төмендеуі.

Балаңыз агрессияға, күйзеліске түспесін десеңіз:

        өз проблемаңызды балаға артпаңыз;

        Егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;

        егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе, күштемеңіз;

        күш көрсету - баланы түзеу орнына,  қарсыластығын арттыра түседі;

        мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;

        егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;

        егер қиын жағдайда не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз. 

 

 

Қолданған материалдар:

Қаниева Гүлзат Тарғынқызы

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Басықара ауылы,

№ 182 мектеп психологының «Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез - құлықтың алдын алу» жұмысы

Категория: Мои файлы | Добавил: dunyawa_98 | Теги: ЖЫЛЫНА МИЛЛИОН АДАМ ӨЗІНІҢ ЖАНЫН ҚИ
Просмотров: 992 | Загрузок: 341 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: