Осындай жайсыз статистика Атыраудағы барлық құқық қорғау органдарының
басшылары қатысқан облыстық прокуратураның үйлестіру кеңесінде жария
етілді.
Облыс прокуроры Сайфулла Кемаловтың пікірінше,
жеткіншектер арасындағы суицидтің кең белең алып кетуі - мектептерде
психологтардың жоқтығынан. Қазіргі күні мектептерде 127 психолог
тіркелген, оның 68-інің арнайы білімі жоқ.
Мектеп инспекторларына
қатысты ахуал одан да мүшкіл. Штат бойынша олардың саны 250 болуы
керек, бірақ қазіргі күні 60 инспектор ғана жұмыс атқаруда.
Үйлестіру
кеңесінің отырысында білім органдарына тек оқушылар ғана емес, сонымен
қатар кез-келген адам білікті психологиялық көмек ала алатын орталықтар
жүйесін құру туралы ұсыныс жасалды.