Өз-өзіне қол жұмсау феномені «статистикалық берік әлеуметтік құбылыс,
оның таралуы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи және мемлекеттік,
сондай-ақ бөлек өңірлердің этникалық даму жағдайларымен байланысты
белгілі-бір заңдылықтарға бағынатындығын» көрсетеді (Амбрумова А.Г.,
1996 жыл).
Өзін-өзі өлтіру санының айқын өсуі 1990 жылдары ТМД елдерінде,
әсіресе жасөспірімдер мен жас ер адамдардың арасында белгіленген. 2007
жылы Қазақстан Республикасында өзін-өзі өлтіруден өлім-жітім 100 мың
тұрғынға 26,9 құрады, бұл көрсеткіш Еуропа елдерінен 3 есе артық (100
мың адамға 10,0). 2009 жылы Астана қаласында 461 өз-өзіне қол жұмсау
әрекеттері тіркелген, оның 13-і өлім-жітіммен аяқталды.
Өкінішке орай, аса қажеттіліктерді тездетіп қанағаттандыру
мүмкіндігінің жоқтығына, жасөспірімдердегі эмоциналды және
интеллектуалды деңгейінен физикалық дамудың алға кетуіне, адамды
қоршаған ортасының жағынан болған психикалық қысымға және
түсініспеушілікке, «керексіздікті» және жалғыздықты сезінуіне, ауыр
ауруына және басқа да көптеген себептерге байланысты өз-өзіне қол
жұмсаудың «жасаруға» берік үрдісі байқалады.
Өз-өзіне қол жұмсау статистикасынан бінеше дәлелдерді келтірейік:
· Өз-өзіне қол жұмсау тұрғындардың қайтыс болу себебінің тізімінде 8 орынды алады.
· Өз-өзіне қол жұмсау мінез-құлығы тұқым қуаламайды, бірақ өзін-өзі өлтіруден жақын адамын жоғалтқандарда қауіп-қатер басымырақ.
· Ер адамдар әйел адамдармен
салыстырғанда үш есе жиі өзін-өзі өлтіреді, алайда, әйелдер ер
адамдармен салыстырғанда өзін-өзі өлтіру әрекеттерін төрт есе жиі
жасайды.
· 80 пайыздан көп адамдар
өзінің өзін-өзі өлтіру әрекеті туралы оны жасамас бұрын белгілі бір
уақытына дейін хабарлайды (1-2 айдан бірнеше күнге дейін).
Конференцияда шақырылған қонақтардың сөздері тыңдалды, келесі бірлескен шешімдер қабылданды:
· «ПДПМО» ММ базасында, білім
беру департаментімен бірге, медициналық орталықтың қызметкерлер күшімен
мектептің психологтарымен медициналық психология және өз-өзіне қол
жұмсау мәселелерін меңгеру бойынша сабақтар ұйымдастырылсын;
· Өз-өзіне қол жұмсау мен
өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің санын төмендету және Астана қаласы
бойынша суицидогендік жағдайды жақсарту мақсатымен
өзіне әртүрлі емдеу, білім беру, түзету, ҮЕҰ және басқа да мекемелердің өкілдерін қосатын бастамашыл топ ұйымдастырылсын;
· Салауатты өмір салтын насихаттау, өз-өзіне қол жұмсау үрдісін жүйелі негізде алдын алу мақсатында БАҚ бірлесіп жұмыс істеу.
Әр адамның өлімімен бүкіл әлем опат болады – ойлар мен сезімдердің
қайталанбас әлемі, бірегей тәжірибе, дүниетаным. Қоғам осы аса маңызды
қиындықтан сырт қалмауы, немқұрайды және жайбарақат қалмауы керек...
Қазіргі уақытта өз-өзіне қол салу ойлары, мақсаттары пайда болған
кезде № 8 қалалық емхананың 152 кабинетінде білікті көмек алуға болады,
жұмыс уақыты сенбі, жексенбі күндерінен және мереке күндерінен басқа
күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін немесе тәулік бойы жұмыс істейтін,
анонимді, құпия психологиялық көмек телефонына мына нөмір 54-76-03
бойынша хабарласуға болады.
|