Психологтардың айтуынша, адамның өз-өзіне қол жұмсауының себептері әр
түрлі. Ол көбіне жанұя жағдайы, оның ішінде толық емес жанұя, жанұяның
ішіндегі психологиялық факторлардың, ата-ана мен бала, ата-аналардың
өзара түсініспеушіліктері материалдық қанағатсыздық, т.б. Күніне әлемде
3000 адам өз-өзіне қол жұмсайды екен.
Қазір әлем бойынша суицид 3 есеге артқан. Мұның себебі неде?
Жасөпірімдер арасындағы суицид күннен-күнге артып барады. Және мұндайға
баратын жастардың жасы — 14-17 жас аралығы. Бүгінде іні-сіңлілеріміз
қиын жағдайдан шығудың «оңай жолын» таңдағысы келеді. Өз-өзіне қол
жұмсаған адам ертеңгі өмірін ойламайды, бір проблеманың шекарасынан шыға
алмай қалады да, осымен бәрі бітті деп ойлайды. Және дәл сондай күйде
оған көмек көрсетер жанашыр адам табылмайды. Психологтар жалақының
аздығынан сеңделіп жүреді, ал ата-ана тіршілік қамын ойлап, күндіз-түні
жұмыста болады. Меніңше, бүгінгі буынның әлсіз болуына тек қана ата-ана,
тек қана мектеп емес, оған тұтас қоғам кінәлі.Психологтардың айтуынша, адамның өз-өзіне қол жұмсауының себептері әр
түрлі. Ол көбіне жанұя жағдайы, оның ішінде толық емес жанұя, жанұяның
ішіндегі психологиялық факторлардың, ата-ана мен бала, ата-аналардың
өзара түсініспеушіліктері материалдық қанағатсыздық, т.б. Күніне әлемде
3000 адам өз-өзіне қол жұмсайды екен.
Қазір әлем бойынша суицид 3 есеге артқан. Мұның себебі неде?
Жасөпірімдер арасындағы суицид күннен-күнге артып барады. Және мұндайға
баратын жастардың жасы — 14-17 жас аралығы. Бүгінде іні-сіңлілеріміз
қиын жағдайдан шығудың «оңай жолын» таңдағысы келеді. Өз-өзіне қол
жұмсаған адам ертеңгі өмірін ойламайды, бір проблеманың шекарасынан шыға
алмай қалады да, осымен бәрі бітті деп ойлайды. Және дәл сондай күйде
оған көмек көрсетер жанашыр адам табылмайды. Психологтар жалақының
аздығынан сеңделіп жүреді, ал ата-ана тіршілік қамын ойлап, күндіз-түні
жұмыста болады. Меніңше, бүгінгі буынның әлсіз болуына тек қана ата-ана,
тек қана мектеп емес, оған тұтас қоғам кінәлі.
Назар аударатын жайт, өмірмен қоштасқысы келетін жасөспірімдер 1994
жылы туылған қыз-балалардан басталады. Мәселен, менің құрдастарымның
арасында мұнда жағдайлар сирек кездесетін. Тіпті, бетін аулақ қылсын,
естімеппін де. Қаншама проблема, материалдық жетіспеушілік болғанымен,
біздер өлім туралы ойламайтынбыз. Ұмытпасам, 6-сыныпта оқып жүрген
кезімде менен 5 жас үлкен қыз өз-өзіне қол жұмсады. Үлкен шу болды.
Ата-ана мектептен көрді, мектеп ата-анадан көрді. Қазақ жарасын жасырған
ел ғой, жабулы қазан жабулы күйінде қалды да, мектепте оқушыларға
суицидтің қандай жағдай болмасын, дұрыс емес екендігін түсіндіріп,
әңгімелескен адам болмады. Жалпы, адам өз басына күн туғанда ғана
ойланатындай көрінеді.
Көктем. Айналаның құлпырып, соған сәйкес қыз-келіншектердің де
құлпырып шығатын мезгілі ғой! Жасыл шығып, сезім бүршіктері бүр жарған
уақыттың суицидке «қолайлы» мезгілі екені белгілі. Жасөспірімдердің
өз-өзіне қол жұмсайтындары өжет, батыр, жаужүрек емес, оларға шын
мәнінде көмек қажет. Қоғамның көмегі қажет.