18-жасар Әдия Сағынаеваның денесi Ертiс өзенi ағысындағы саяжай алабы
аймағынан табылды. Полицейдің сөзіне қарағанда, қыз ҰБТ-дағы
сәтсіздіктен кейін қатты күйзеліске ұшырап, суға батып кеткен. Мектеп
оқушысы грантпен оқуды армандапты, бiрақ қажеттi балды жинай алмаған.
Ол келесi күні таңертең үйден шығып кетіп, ұялы телефонын өшіріп
тастайды. Әдияның мәйітін полицейлер тауып алады.Бүгін түлекті жерлеу
рәсімі өтті. Соңғы сапарға оны ата-анасы, мұғалімдері мен сыныптастары
шығарып салды.
«Әдия – көңілді қыз еді, жақсы оқитын, ҰБТ-ға байланысты суға кетті», - деді көршісі Виталий Аксенов.
«67 балл жинайды, үйге келгенде қатты күйінген. Әкесінің сөзі бойынша,
түні бойы жылап шыққан», - деді Семей қаласы ІІБ кәмелетке толмаған
балалар істері бойынша бөлім бастығы Лариса Новикова.